Бағасын есептеу Онлайн консультант Бізбен байланысу Узнать задолженность
адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып Адамдардың Қаржылық қиындықтарын шешу
Бағасын есептеу «ТасКРЕДИТ» Қаржылық компаниясы – Жылдам, сенімді, адал!
call-центр: 7788 (тегін)

КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

«ТАС КРЕДИТ» – автокөлік, жылжымайтын мүлік, алтын бұйымдар мен тұрмыстық техника кепілдігіне шағын мерзімге жылдам несие беру нарығында бірегей қызмет көрсететін заманауи мекеме. Компания өз қызметін 2010 жылдан бастап абыроймен атқарып келеді. Жылдар бойында жүргізілген нәтижелі жұмыс несиелендірудің осы түрінің жоғары тиімділігін көрсете отырып, тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырғанын байқатты. Осы мерзім ішінде компания көптеген клиенттердің  сеніміне ие болды, олардың көпшілігі тұрақты клиенттер санатына қосылды. Тез және сапалы қызмет көрсету, тиімді пайыздық мөлшерлеме, ыңғайлы шарттар және әр клиентке деген жеке қызмет көрсету – біздің кәсіпорынымыздың стратегиясының негізгі құраушылары. Қазіргі таңда "ТАС КРЕДИТ" компаниясының филиалдар желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналасқан. Мекенжайлары мен байланыс көздері жайлы толығырақ ақпаратты сіз төменде берілген «Бөлімшелер» парағынан таба аласыз.

 

Біз әрдайым жоғары сапалы қызмет көрсетуге және әр клиентке жеке көңіл бөліп, ең тиімді шарттарды ұсынуға кепілдік береміз. Бізде ешқандай қосымша және жасырын шығындар жоқ, сонымен қатар, клиенттерімізден автокөлігін кепілдікке қойған жағдайда сақтандыруды талап етпейміз. Қосымша шығынданып, GPS-трекер орнатудың да қажеті жоқ. Біз қашанда Сізге қол үшін беруге дайынбыз!

 

Біздің миссиямыз – АДАМГЕРШІЛІК ПЕН АДАЛДЫҚҚА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, АДАМДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ШЕШУ.

 

Біздің кез-келген бөлімшемізде арнайы тәжірибе алған біліктілігі жоғары менеджерлер мен бағалаушы-сарапшылар қызмет атқарады, олардың біліктілігінің арқасында несие рәсімдеу мен ақшалай қаражат алу процесі тез және ыңғайлы жүреді. Несие беру үшін қажетті құжаттардың саны аз.

«ТАС КРЕДИТ» компаниясы ұсынып отырған барлық қызметтер Қазақстан Республикасының заңдары мен «Азаматтық Кодексіне» сәйкестендірілген. Мәмілелердің барлық түрі ресми түрде құжаттандырылады. Келісім-шарттардың қатаң түрде құжаттар негізінде рәсімделуі шынайылық пен сенімділікке, сонымен қатар, барлық азаматтар мәліметтерінің құпиялығын сақтауға кепілдік береді.

 

Автокөлік кепіліне несие беру кызметтері нарығында көшбасшылыққа ие болған компания өзінің дәстүрлі қағидаларына әрдайым адал болып қалуда. Соңғы уақытта саны өсіп келе жатқан жас бәсекелестерінен «ТАС КРЕДИТ» компаниясының айырмашылығы – клиенттерге ыңғайсыз да қатаң шарттар ұсыну арқылы табысын толтыру емес. Оның мақсаты — адамдарды көлігінен айыру емес, оларға қиын жағдайда көмек беру. Осы мақсатта тұтынушылар үшін нақты және түсінікті, оңтайлы несиелендыру шарттары таңдалған, ешқандай жасырын міндеттемелері жоқ, айқын және мазмұнды келісім-шарттар әзірленген. Бір көргенде көз қызықтыратын пайыздық мөлшерлемесі төмен ұйымдардан сауатты клиент сақ болғаны жөн, себебі ондай фирмалардың шарттарында бір жасырын қулық болуы мүмкін. Өзін-өзі шығынға батырып ешкім жұмыс жасамайды. Көлігіңізді тәуекелге тігудің қажеті бар ма?

«ТАС КРЕДИТ» компаниясы сіздің кепілдікте тұрған көлігіңіздің немесе қандай да бір мүлкіңіздің қатерге ұшырамауына қамкорлықпен жағдай жасайды. Сіз осы салада ең сенімді серіктес тапқаныңызға сенімді болыңыз!

 

Әрбір клиентке жеке қызмет көрсететін ТАС КРЕДИТ компаниясы барынша тиімді және өнімді шарттардың негізінде клиенттерінің уақытын үнемдеуге көмектеседі. Ұсынылып отырған қызметтердің кең ауқымы клиенттердің сан түрлі сұраныстарын қанағаттандыра алады.

Автокөліктің ликвидтік құнының 50% дейін берілетін автонесие жүргізу құқығын сақтайды, сыйақы қарыз сомасының 5% пайыздық мөлшерлемесінен басталады.

Жүргізу құқығынсыз берілетін автокөлік несиесі көліктің нарықтық-ликвидтік құнының 80% дейін беріледі, сыйақы соманың 3,5% пайыздық мөлшерлемесінен басталады.

Аудио-тұрмыстық техника кепіліне берілетін несиелер күніне 0,4% пайыздық мөлшерлемеден басталады.

Алтын бұйымдар кепіліне берілетін несиелер күніне 0,33% пайыздық мөлшерлемеден басталады.