А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Дулат Тұрсынұлы Тастекеевпен кездесу өтті

cb95b18d ba38 4dd8 8d57 f5c328cc5141 835x0 34e25 желтоқсанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада кәсіпкер, меценат, «Tas Group» компаниялар тобының негізін қалаушы, TASCREDIT қаржы компаниясының басшысы, «ASSYLTAS» Қоғамдық қорының президенті Дулат Тұрсынұлы Тастекеевпен кездесу өтті.

Кездесуге студенттер,оқытушылар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, жас кәсіпкерлер және қызықты жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан жерлестеріміз келді.
Кездесу барысында Тарбағатай өңірінің тарихынан сыр шертетін «Тарихқа толы Тарбағатай» және Ақсуат ауылында жыл сайын өтетін халықаралық ақындар айтысын арқау еткен «Туған жерге туыңды тік» кітаптарының тұсаукесері өтіп, Дулат Тұрсынұлы кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы елім деген азаматтардың туған өңірге деген іңкәрлік сезімін оята білді. Тұлпарының тұяғы жер жарған, сұңқарының дауысы әлемге асқан Ақсуат елі соңғы кезде Атымтай жомарт ұлдарының арқасында дүбірлі күйге бөленіп, жасарып, жаңаруда. Осындай жомарт жүрек ұлтжанды азаматтың бірі – Қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа толқынының өкілі – Тарбағатай ауданының Екпін ауылының тумасы Дулат Тастекеев. Ол өзінің табысты бизнесін жаңа форматта ұйымдастырып, дамытып қана қоймай, біраз жылдан бері қайырымдылықпен де айналысып келеді.
Дулат Тұрсынұлының басшылығымен 2018 жылдан бастап «ASSYLTAS» Қоғамдық қоры құрылды. Қайырымдылық қоры – бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап қалған Семей қаласындағы Орталық мешіт құрылысын қайта жандандырды. «ASSYLTAS» қорының тағы бір ауқымды жобасы – Ақсуат ауылында жыл сайын өтетін «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы. Аталмыш шараға тек елімізден ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де ақындар келіп қатысады. Айтыс жүлдегерлері қомақты сыйлықтармен марапатталып, жыл сайын бір ақын «ТАСКРЕДИТ» компаниясы тағайындаған шәкіртақыға ие болуда.
Дулат Тұрсынұлы 2016 жылдан бері Тарбағатай ауданының кіші энциклопедиясы іспеттес, киелі өлкенің тарихымен, тарихи тұлғаларымен, аңыз-дастандарымен таныстыстырып, сұлу табиғаты мен архелогиясынан сыр шертетін «Тарихқа толы Тарбағатай» жинағын шығаруға демеушілік етіп келеді. Сонымен қатар, Тарбағатай өлкесінің сурет қорын құру мақсатында «Ғажайып өлке» жобасы іске асырылуда.