Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына сәйкес 30.03.2020 - 12.04.2020 жылдың Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей, Петропавл, Қызылорда, Жаңаөзен, Ақтау қалаларындағы филиалдардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Атырау, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе қаласындағы филиалдарымыздың жұмыс кестесі - жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.
Орал қаласындағы филиалдарымыздың жұмыс кестесі - жұмыс күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.
Жезқазған қаласындағы филиалдарымыздың жұмыс кестесі - жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.
Филиалдардың шектеулі жұмыс істеу мерзімінде, TASCREDIT қашықтан қызмет көрсету арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
• Несие бойынша қарыз соммасын тексеру және несиені төлеуді онлайн режимде Kassa24 сайтында жүзеге асыру мүмкін;
Басқа қалалардағы TASCREDIT филиалдары әдеттегідей жұмыс кестесімен қызмет көрсетеді.
Байланыс орталығы: 7788