Төтенше жағдайда төлемдерді тоқтата тұру туралы өтініш

TASCREDIT компаниясы өз клиенттеріне біздің компаниямыз бен қызметтерімізге деген сенімдері үшін алғысын білдіреді. Біз төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты отандастарымыздың қиын жағдайға тап болғандығын жақсы түсінеміз. TASCREDIT компаниясы Қазақстан Үкіметі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің шараларын қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып, төтенше жағдай режимі кезінде клиенттеріне несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға (қарызды есептен шығармай) шешім қабылдады.
Несиелер бойынша кейінге қалдырылған төлемді алу үшін сіз төменде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, өтініш толтыруыңыз керек.

Кейінге қалдыру шарттары:
Ай сайынғы несие бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы өтініш
1. Өтінішті қалай беруге болады?
Tascredit сайтында "Онлан сервистер" менюнің ішінде Төлемді жылжыту өтінім

2. Кім өтініш бере алады?
Жеке қарыз алушылар, заңды тұлғалар мен келесі себептерге байланысты жағдайы төмен отбасылар:

  • карантин енгізуге байланысты уақытша еңбекке жарамсыз деп табылғандар;
  • жалақы төленбейтін еңбек демалысында болғандар;
  • жұмыстан босату, еңбек шартын бұзу және басқа еңбек қатынастарын тоқтату жағдайында;
  • жалақыны немесе басқа кірісті төлеуді қысқарту немесе тоқтата тұруға байланысты;
  • карантин қолданылатын аумаққа кіруге немесе шығуға қойылатын шектеулерге байланысты қызметкер жұмыс орнында бола алмаса;
  • қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін басқа себептерге байланысты.

3. Қандай қарыздар қатыса алады?
2020 жылдың 16 наурызына дейінгі барлық қарыз алушылар қатыса алады.
Егер Қарыз алушының осы талаптарға сәйкес бірнеше қарызы болса, қарыз алушының бір өтінішті беру кезінде барлық осындай несиелері қарастырылатын болады.

  • Өтініш беру мерзімі: 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейінгі кез-келген уақыт аралығы.
  • Төлем жасауды уақытша тоқтату мерзімі: 3 ай (2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусым аралығы).
  • Өтініштерді қарау мерзімі: өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күні аралығы. Қабылданған өтінішті өңдегеннен кейін біздің компания қарыз алушының өтініште көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
  • Өтініштердің қаралуы үшін комиссиялар және өзге де төлемдер алынбайды.
  • Айыппұлдар мен өсімақылар: ТЖ кезеңінде есептелмейді.

Басқа да сұрақтарыңыз болса, 7788 байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.