Маркетинг және PR қызметі бөлімінің директоры

"ТASCREDIT" микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынатын табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның кеңеюіне байланысты, Алматы қаласындағы "Маркетинг және PR тобының директоры" лауазымына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

 Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір клиентпен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

 Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Компаниялар тобының маркетингтік және жарнамалық стратегиясын әзірлеу, жайғастыру, бюджеттеу, маркетингтік құралдарды анықтау және қолдану;
  • Жаңа өнімдерді әзірлеу және іске қосуды басқару, қолданыстағы өнім портфелін оңтайландыру (компанияның өнім стратегиясы), топтың бизнес-портфеліне талдау жүргізу;
  • Нарықтың стратегиялық және тактикалық талдауы, маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерге талдау жасау, бәсекелестердің іс-әрекеттерін салыстырмалы талдау;
  • Брендті қалыптастырудағы даму стратегиясы: брендті ілгерілету, брендті танымал ету, беделін арттыру және басқару, ішкі және сыртқы ортамен жұмыс;
  • Digital- маркетинг бағытында жүйелі және нәтижелі жұмыс жасау (мәнмәтіндік жарнама, CEO-жылжыту, SMM, таргет);
  • Жарнамалық кампаниялар мен акциялар нәтижелерінің тиімділігін талдау бағытында жұмыстарды ұйымдастыру, қызметтерді ілгерілету арналарының тиімділігін талдау (ROI (ROI);
  • PR-компанияларын ұйымдастыруды бақылау, маркетингтік коммуникациялар (БАҚ, интернет ресурстар, әлеуметтік желілер) бағытындағы жұмысты жақсарту;
  • Мақсатты аудиторияны анықтау, тұтынушылармен ұзақ мерзімді қарым-қатынас саясатын қалыптастыру, клиенттердің ниеттестік көрсеткіштерін, көрсетілетін қызметтерге қанағаттану дәрежесін өлшеу үшін маркетингтік құралдарды пайдалану;
  • Тұтынушылардан келіп түсетін рекламациялар мен наразылықтарда көрсетілген кемшіліктерді уақтылы жоюға, компанияның қызметтеріне тұтынушылардың белгілі бір қатынасының уәждемесін бақылауды жүзеге асыру;
  • Тұтыну сапасын жақсарту және дамытуды ынталандыру мақсатында қызметтердің техникалық, экономикалық және басқа да сипаттамаларын өзгерту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге басқа бөлімдермен бірлесіп қатысу.

Біздің талаптарымыз:

  • Маркетинг/интернет маркетинг саласында жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
  • Басшылық қызметіндегі тәжірибесі кемінде 2 (екі) жыл;
  • Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру (ағылшын тілін білу артықшылығы болады);
  • Жоғары білім (экономикалық немесе бейінді);
  • Көшбасшылық қасиеттердің болуы, басқару принциптері мен әдістерін білу;
  • Маркетингтік қызметті жоспарлау және бюджеттеу, баға белгілеу саласындағы білім және тәжірибе, маркетингтік талдау және жоспарлау дағдылары;
  • Өнімді, брендтерді іске қосу және ілгерілетуде табысты тәжірибе;
  • Электрондық өнімдер нарығының және/немесе жеке тұлғаларға арналған арналардың негізгі үрдістерін білу, бейілділік бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесі;
  • Интернет-маркетингтің барлық аспектілерін білу, online ілгерілету тәжірибесі;
  • Тиімді маркетингтік және жарнамалық іс-шараларды өткізу тәжірибесі;
  • Заңнамалық базаны және нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • Персоналды бағалау әдістері мен ынталандыру негіздерін білу;
  • Белсенді өмірлік ұстаным, креативтілік және ашықтық.

Біз сізге не ұсынамыз?

  • Мақсаты биік және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби командамыздың бір бөлшегі болу мүмкіндігі;
  • Біліктілікті арттыру мүмкіндігі (ішкі және сыртқы оқыту);
  • KPI нәтижелері бойынша жылдық сыйақы;
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Төленетін еңбек және әлеуметтік пакет;
  • Еңбекақы төлеудің 100% ашық жүйесі;
  • Бес күндік жұмыс аптасы 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • Бәсекеге қабілетті еңбекақы;
  • Еңбекақы туралы мәлімет, сұхбаттасудың 2-ші немесе 3-ші кезеңдерінде айтылады.