Legal-collection маманы

«ТАЅCREDIT» микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты, Алматы қаласында «Legal-collection маманы» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір клиентпен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Қарыз алушылармен және олардың сенімді тұлғаларымен қарызды және 90 күннен астам мерзімі өткен берешек кезеңінде есептелген пайызды өтеу жөнінде келіссөздер жүргізу;
  • Борышкерлерді іздестіруге және қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, олармен байланыс орнатуға бағытталған іс-шараларға қатысу;
  • Берешекті өндіріп алу туралы сот істерін қарау кезінде сотта, төрелік сотта, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік ету;
  • Құжат айналымын жүргізу, атап айтқанда:
  1. Хаттарды, өтініштерді, жолданымдарды, сұраныстарды және басқа да іскерлік құжаттамаларды дайындау;
  2. Құжаттарды беру және алу мәселесі бойынша бөлімдермен өзара іс-қимыл жасау;
  3. Борышкерлермен іскерлік хат алмасу;
  • Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті органдар тарапынан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша заңнамаға мониторинг жүргізу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер базасының есебін жүргізу;
  • Қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіруді, құрылымдық бөлімшелерге талап қою жұмысында құқықтық көмек көрсету, қажетті материалдарды дайындау және сот және төрелік органдарына беруді қамтамасыз ету;
  • Мәжбүрлеп өндіріп алуды талап ететін қарыздарды анықтау мақсатында дебиторлық берешектің жай-күйі туралы материалдарды қарау және дайындау;

Біздің талаптарымыз:

  • Legal collection-да коллектор ретінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақ және орыс тілдерін міндетті түрде білу;
  • Еxcel-де жұмыс істей білу;
  • Есептер құрастыру.
  • Бейінді жоғары білім (заңгерлік);
  • Егжей-тегжейіне зейінділік;
  • Нәтижеге жетуге ұмтылу және мақсатқа жетудегі табандылық;
  • Ұйымшыл командада жұмыс істеу ниеті, жақсы қарым-қатынас дағдылары;
  • Аналитикалық ақыл-ой жүйесі;
  • Адалдық;
  • Табандылық;
  • Орындаушылық;
  • Жауапкершілік.

 Біз сізге не ұсынамыз?

  • Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі;
  • Жылдық сыйақы (13 жалақы);
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Еңбекақы төлеудің 100% ашық жүйесі;
  • Еңбекақыны уақтылы төлеу;
  • Бес күндік жұмыс аптасы 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • Жалақы сұхбаттасудың 2 кезеңінде айтылады.