Қауіпсіздік қызметінің қызметкері

«ТАЅCREDIT» микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты Жезқазған Жаңаөзенде қаласында «Қауіпсіздік қызметінің қызметкері» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір клиентпен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

Міндеттері:

  • Проблемалы клиенттермен жұмыс істеу, негізгі мерзімі өткен берешекті қайтару;
  • Мерзімі өткен қарыздар бойынша есеп жүргізу;
  • Филиалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды әзірлеу;
  • Құпия ақпаратты қорғауды жүзеге асыру;
  • Бұзушылықтарды анықтау;
  • Ұрлық, алаяқтық, қасақылық және қаржылық қылмыстар оқиғаларына ішкі тергеу жүргізу;
  • Филиал персоналының бәсекелестермен немесе криминалдық құрылымдармен ынтымақтасу жағдайларының алдын алу (анықтау) ;
  • Қылмыстарды немесе өзге де оқиғаларды тергеу кезінде тергеу органдарымен және полициямен өзара іс-қимыл жасау;
  • Жанжалдарды шешу.

Талаптары:

  • Органдарда жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сауатты сөйлеу;
  • Жеке автокөліктің болуы;
  • Жоғары білім;
  • Компьютерді пайдалана білу;
  • Келіссөздер жүргізу және сендіру қабілеті;
  • Қаланы жақсы білу;
  • Ұқыптылық, жауапкершілік, күйзеліске төзімділік;
  • Әртүрлі санаттағы адамдармен (мәртебесі, сипаты, жасы, өкілеттіктері) қарым-қатынас орната білу.

 Шарттары:

  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Төленетін еңбек және әлеуметтік пакет;
  • KPI нәтижелері бойынша жылдық сыйлықақы;
  • Компания есебінен ЖЖМ;
  • 100% ашық еңбекақы төлеу жүйесі;
  • Жалақыны уақтылы төлеу;
  • Жұмыс кестесі 6/1(дс-жм 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі 10.00-ден 15.00-ге дейін, жс. демалыс);
  • Жалақы 135, 000 (қолға) + бонустар