Ішкі қауіпсіздік қызметкері

«ТАSCREDIT» микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты Алматы қаласында «Ішкі қауіпсіздік қызметкері» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып, халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір тұтынушымен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

Сіздің міндеттеріңіз:

  • ЖШС құқықтық және ұйымдық қорғау, коммерциялық құпияны қорғау бойынша жұмыс;
  • Сыртқы және ішкі тәуекелдер мен қауіптерді анықтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Компаниядағы бос лауазымдарға үміткерлерді тексеруді жүзеге асыру;
  • Қажет болған жағдайда кандидаттармен сұхбат жүргізу;
  • Бақылау-өткізу режимін ұйымдастыру;
  • ЖШС филиалдарында бейне бақылау камераларының жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
  • Кепіл автокөліктері қойылған автопаркингтерді, тұрақтарды, тексеруді жүзеге асыру;
  • Компания тұрақтарында күзет жұмысын ұйымдастыру;
  • Компания мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Материалдарды толық ресімдей отырып, ішкі қызметтік тексерулер мен тергеулерді ұйымдастыру және жүргізу (еңбек тәртібін бұзу фактілері, коммерциялық құпияны жария ету, құжаттарды жоғалту, ЖШС қызметкерлері тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер және басқа да бұзушылықтар);
  • Техникалық қорғау құралдарының және өрт қауіпсіздігінің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру.

Біздің талаптарымыз:

  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
  • Білімі жоғары (заңгерлік / арнайы));
  • Құқық қорғау органдарындағы жұмыс тәжірибесі;
  • Еңбек өтілі 3 жылдан бастап;
  • Жетілдірілген ДК пайдаланушысы.

 Біз Сізге ұсынамыз:

  • Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі;
  • Жылдық сыйақы (13 жалақы);
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Еңбекақы төлеудің 100% ашық жүйесі;
  • Еңбекақыны уақтылы төлеу;
  • Бес күндік жұмыс аптасы, 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • Жалақы сұхбаттасудың 2 кезеңінде айтылады.