Компания туралы

«МҚҰ «TAS FINANCE GROUP» ЖШС TASCREDIT брендімен өз қызметін 2010 жылы бастады. Бүгінгі таңда TASCREDIT «Автокөлік кепілімен несие беру» нарығында қарқынды дамып келе жатқан компания. 2019 жылдың 19 қарашасынан бастап «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP» ЖШС «Автокөлік құралдарын кепілге алу арқылы кредиттеу жөніндегі компаниялар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы болып табылады. Біз өз клиенттерімізге жоғары сапалы қызмет көрсету мен тиімді шарттарды ұсынамыз. TASCREDIT бөлімшелері Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналасқан, толығырақ ақпаратпен «Бөлімшелер» парақшасында танысуға болады. Біздің бизнес-модельіміз табыстылықтың мақсатты көрсеткіштерін сақтай отырып, клиенттік базаны қарқынды арттыруға мүмкіндік береді, ал бөлімшелер арқылы аймақтық даму, клиенттік активтердің өсуіне ықпал етеді. Ағымдағы нарықты дамыту және алғашқы жол салушы рөлінде жаңаларын игеру, бізге Қазақстанның қаржы нарығындағы көшбасшы компания болуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда компанияның Қазақстан аумағында 33 бөлімшесі жұмыс істейді.

Image

TASCREDIT стратегиясын үш сөзбен сипаттауға болады: шынайылық /ашықтық, икемділік және жылдамдық.

  • Шынайылық, өйткені біз дұрыс қаржыландыру алу үшін клиенттерімізге барлық қажетті ақпаратты ұсынамыз;
  • Икемділік, өйткені біз клиенттеріміздің қасындамыз және олардың табыс көзі немесе ай сайынғы зейнетақы жарнасы болмаса да, оларды қолдаймыз. Ең бастысы, бізге керегі - астыңызда автокөліктің болғаны!
  • Жылдам, өйткені уақыт қымбат. Сол себепті, біз тек 30 минут ішінде автокөлік кепілімен несие мақұлдаймыз.

Табысқа үнемі өзін-өзі жетілдіру процесінде тұрған адам ғана қол жеткізе алады. TASCREDIT барлық бизнес-процестерге көп көңіл бөледі және бұл компанияның күн сайын жылдам әрі қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

"Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып, халықтың қаржылық қиындықтарын шешу"

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

АДАЛДЫҚ-СЕНІМ

Біз адалдықты жоғары бағалаймыз, сондықтан өзімізге, клиенттерімізге, серіктестерімізге және әріптестерімізге әрқашан адалмыз. Адалдық ашықтықтың кепілі және біздің жұмысымыздың шынайылығының кепілі болып табылады. Адалдық пен ашықтық бізге сенім мен достық атмосферасын дамытуға көмектеседі.

КОМАНДА-БІРЛІК

Біз бірге жұмыла әрекет еткенде ғана мықты команда болатынымызды жақсы білеміз. Сондықтан бізге қарым-қатынас жасай білу, дұрыс коммуникация жасау, ынтымақтас және дос болу өте маңызды. Біз-пікірлестер командасымыз, біз әрқайсымыздың ортақ іске қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, бір-бірімізді оқытамыз.

КӘСІБИЛІК-ДАМУ

Біз үшін командамыздың кәсібилігі маңызды, сондықтан біз өзімізді үздіксіз дамытып, жетілдірумен және оқытумен айналысамыз.

УАҚЫТ-ПУНКТУАЛДЫҚ

Біз клиенттеріміздің уақытын  қымбат бағалаймыз, сондықтан әрдайым оларға жедел қызмет көрсетуге тырысамыз, 30 минуттан аспайды.

БЕРІКТІК-ҚАМҚОРЛЫҚ

Біз-клиенттерімізге сенімді және қамқор компаниямыз, сондықтан клиентке өз кепілін сатып алуына әрдайым көмек көрсетеміз және оны мұқият сақтаймыз.

TASCREDIT компаниясының тарихы

2010

TASCREDIT қызметінің басталуы

Тауарларды, алтын бұйымдарды кепілге салу арқылы кредит беру.

2010

2012

Жаңа өнімді іске қосу

Табысты іске қосу "жүргізу құқығымен автомобильді кепілге салу арқылы кредит беру".

2015

Компанияны масштабтау

Бүкіл Қазақстан бойынша TASCREDIT бөлімшелерінің ашылуы.

2015

2019

TASCREDIT компаниясының филиалдары

Қазақстанның 24 қаласындағы 30 филиал, 105 000-нан астам клиентке қызмет көрсетілді, 55 млрд-тан астам теңге берілді.

2020

Жаңа өнімді іске қосу

Автокөлік сатып алуға арналған кредит өнімін сәтті іске қосу

2020