Hard-collection маманы

Микроқаржылық ұйым «ТASCREDIT» ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты Түркістан қаласы бөлімшелерінде «Hard-collection маманы» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір клиентпен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Сеніп тапсырылған бөлімше бойынша қарыз алушылардың деректер базасын жүргізу;
  • Қарыз алушылардың мекенжайына күнделікті шығу;
  • Мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың құжаттарын және байланыс ақпаратын жинау (мерзімі 5 күннен астам және одан көп);
  • Қарыз алушылармен және олардың сенімді тұлғаларымен негізгі борыш берешегінің мерзімі өткен кезеңінде (мерзімі 6 күн және одан жоғары) қарызды және есептелген пайызды өтеу/ұзарту тұрғысынан келіссөздер (қоңырау шалу) жүргізу;
  • Қарыз мерзімі 60 күннен асатын қарыз алушыларды уақтылы анықтау және тізімге енгізу («қара тізім»);
  • Борышкерлерден автокөлікті алу және автопаркингке қою;
  • Ұрлық, алаяқтық, қасақылық және қаржылық қылмыстар орын алған жағдайларда ішкі тергеу жүргізу.

Біздің талаптарымыз:

  • Қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеу;
  • Жеке автокөлігі болуы керек (міндетті);
  • Жоғары немесе арнайы білімі болуы;
  • Құқық қорғау органдарындағы және/немесе мерзімі өткен берешекті өндіріп алу саласындағы жұмыс өтілі 6 айдан бастап;
  • Қаланы жақсы білу;
  • Тәжірибелі ДК пайдаланушысы;
  • MS Office білу;
  • Мамандандырылған бағдарламаларды білу – CRM Битрикс 24 (құпталады);
  • Келіссөздер жүргізу және сендіру қабілеті.

 

Біз Сізге не ұсынамыз?

  • Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі;
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналасу;
  • Жылдық сыйлықақы (13-ші жалақы);
  • 100% мөлдір еңбекақы жүйесі;
  • Жалақыны уақытылы төлеу;
  • Компания есебінен ЖЖМ;
  • Жұмыс кестесі 6/1(дс-жм 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі 10.00-ден 15.00-ге дейін, жс. демалыс);
  • Жалақы 140,000 (қолға) + бонустар.