Кассир

«ТАSCREDIT» микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты Қордай (Тараз), Шымкент, Павлодар қаласы бөлімшелерінде «Кассир» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір тұтынушымен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

 

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Қолма-қол ақшаны қабылдау және беру бойынша кассалық операциялар;
  • Буып-түю және сақтау, қайта санау, сұрыптау, ұсақтау;
  • Банкноттар мен монеталардың түпнұсқалығын және төлем қабілеттілігін анықтау;
  • Кассалық тәртіпті сақтау;
  • Кассаны ашу және жабу;
  • Ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, оларды, қабылдау, есепке алу, беру және сақтау бойынша операцияларды жүзеге асырады;
  • Өзіне сеніп тапсырылған құндылықтарға ұқыпты қарау;
  • Кассалық құжаттарды дұрыс рәсімдеу;
  • Құндылықтарды сақтау, оларды жөнелту, тасымалдау, күзету, сигнал беру жөніндегі операциялар, сондай-ақ касса бойынша қызметтік тапсырмалар туралы белгілі болған мәліметтерді еш жерде, ешқашан және еш уақытта жария етпейді;
  • Кассаны бір күнгі салыстыру бойынша есеп;
  • Кассалық құжаттардың, бланкілердің, мөртабандардың, кілттердің және өзге де құндылықтардың қатаң есебін және сақталуын қамтамасыз ету.
  • Барлық қажетті есептерді қалыптастыру және басып шығару;
  • Мұрағатқа құжаттарды дайындау: рәсімдеу, нөмірлеу.

 

Біздің талаптарымыз:

  • Қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеу;
  • Кассалық операцияларды жүргізудегі жұмыс тәжірибесі (құпталады);
  • Кассалық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі 6 айдан кем емес;
  • Қолма-қол ақшамен жұмыс тәжірибесі;
  • Жоғары (экономикалық /қаржылық/математикалық құпталады) білім;
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кассалық операцияларды қатесіз жүргізу дағдысы;
  • Веб-кассамен жұмыс істеу білу және ережелерін білу;
  • Кіріс және шығыс құжаттарын ресімдеу тәртібін білу;
  • Бақылау-касса аппаратымен жұмыс істеу дағдылары мен білімі (болғаны дұрыс);
  • Кассалық бағдарламаларды немесе арнайы бағдарламаларды білу – CRM Битрикс 24 (құпталады);
  • MS Office білу;
  • Қолма-қол ақшаның үлкен көлемімен жұмыс істей білу.

 

Біз Сізге не ұсынамыз?

  • Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі;
  • Жылдық сыйақы (13 жалақы);
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Еңбекақы төлеудің 100% ашық жүйесі;
  • Еңбекақыны уақтылы төлеу;
  • 6/1 жұмыс кестесі (дс-жм 9.00-19.00, сенбі 10.00-15.00, жс. демалыс);
  • Жалақы 146,000 (қолына) + бонустар.