Бөлімше менеджері

 «ТАЅ CREDIT» микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты Қордай (Тараз), Түркістан қаласы бөлімшелерінде «Бөлімше менеджері» бос орнына конкурс жариялайды.

 Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір тұтынушымен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

 

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Кредиттер бойынша клиенттер базасын жүргізу;
  • Жалпыға қол жетімді ақпараттық жүйелер арқылы клиенттердің деректерін тексеру;
  • Әр түрлі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелерде клиенттердің ұсынған деректері бойынша ақпаратты іздеу және тексеру;
  • Қарыз алушының кредиттік құжаттамасын, кредитті өтеу қабілеттілігін талдау және микрокредит беру туралы шешім қабылдау;
  • Кіріс қоңырауларды өңдеу;
  • Кепіл мүлкінің техникалық жай-күйін тексеру;
  • Кепілге қойылған мүлікке әділ баға беру;
  • Микрокредит беруге байланысты барлық рәсімдерді орындау.

Біздің талаптарымыз:

  • Қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеу;
  • Автокредит берудегі жұмыс тәжірибесі құпталады;
  • Клиенттерге қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі 6 айдан бастап;
  • Жеке автокөлігі болуы керек (міндетті);
  • Арнайы орта/ жоғары білім;
  • Сатудың жоспарлы көрсеткіштерін орындау;
  • Тәжірибелі ДК пайдаланушысы;
  • MS Office білу;
  • Мамандандырылған бағдарламаларды білу – CRM Битрикс 24 (құпталады);
  • Келіссөздер жүргізу және сендіру қабілеті;
  • Адамдардың әртүрлі санаттарымен (мәртебесі, мінезі, жасы, өкілеттіктері) қарым-қатынас орнату қабілеті.

Біз Сізге не ұсынамыз?

  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Төленетін еңбек және әлеуметтік пакет;
  • KPI нәтижелері бойынша жылдық сыйақы;
  • Еңбекақы төлеудің 100% ашық жүйесі;
  • Еңбекақыны уақтылы төлеу;
  • 6/1 Өзгермелі жұмыс кестесі (дс-жм 9.00-19.00, демалыс жұма немесе сенбі, жекс. 10.00-15.00 );
  • Ж/а 146,000 (қолына) + бонустар.