Интернет-маркетолог

 «Микроқаржылық ұйым «ТASCREDIT» ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты, Алматы қаласында «Интернет-маркетолог» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып, халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір клиентпен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

 

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Маркетингтік жоспарлау;
  • Сайт, тақырыптық ресурстар үшін контент- стратегиясын әзірлеу;
  • Жарнама компанияларының бюджетін басқару;
  • Компаниялардың тиімділігін бақылау;
  • Есептерді құрастыру;
  • Бәсекелестердің жарнамасын бақылау;
  • Компания сайттарының жұмысын қадағалау;
  • Негізгі көрсеткіштерді арттыру (жаңа клиенттерді тарту, орташа чек, сатып алу жиілігі және т. б.);
  • Лидтер (өтінімдер) генерациялау мәселелері жөніндегі агенттіктің жұмысын бақылау.

 

Біздің талаптарымыз:

  • Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгеру (міндетті түрде);
  • Жоғары білім (мүмкіндігінше бейінді);
  • Google AdWords, Google Analytics, Яндекс Директ, Яндекс Метрика білу;
  • Маркетинг негіздерін және digital ілгері бастыру құралдарын білу (контекстік жарнама, ізденістік жарнама, direct маркетинг, SMM және т. б.);
  • Веб-сайттар құру тәжірибесі;
  • CRM жүйелерімен және Call-Tracking-пен жұмыс тәжірибесі;
  • Артықшылығы болады: дашбордтар жасау шеберлігі (Tableou, Google Data Studio, Power BI);.

 

Біз Сізге ұсынамыз?

  • Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі;
  • Жылдық сыйақы (13 жалақы);
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
  • Еңбекақы төлеудің 100% ашық жүйесі;
  • Бес күндік жұмыс аптасы, 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • Жалақы сұхбаттасу кезінде айтылады.
Image
№ 05.21.0006.М. лицензия.
26.02.2021 ж. ҚНРДА берген
*ҚР “Микроқаржылық қызмет туралы” Заңына сәйкес ЖТСМ 56% - ға дейін.

Байланыс ақпараттары

Алматы қаласы, Бостандық ауданы

Жароков көшесі 124, 8 қабат
Жұмыс күндері – 09:00-18:00
Телефон: 7788

ТОРАПКАРТАСЫКАРТАСЫ
Инвестициялар
Пайдалы