Full-stack әзірлеуші

Микроқаржылық ұйым «ТASCREDIT» ҚР халқына өз қызметтерін ұсынып отырған табысты кредиттік ұйым болып табылады. Компанияның ұлғаюына байланысты, Алматы қаласында «Full-stack әзірлеуші» бос орнына конкурс жариялайды.

Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».

Өз жұмысымызда біз келесі қағидаларды ұстанамыз: адалдық, әрбір клиентпен жеке тіл табысу, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет көрсету.

Біз қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында үнемі жұмыс жасаудамыз және қазіргі сәтте біздің кәсіби командамызға қосылуға дайын белсенді маманды іздестірудеміз.

 

Біздің талаптарымыз:

  • Әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 3 жылға дейін;
  • MySql, Linux-пен жұмыс тәжірибесі;
  • Кезектегі хабарламалармен жұмыс істеу тәжірибесі, құпталады;
  • Bash скрипт жазу тәжірибесі;
  • HTML, CSS, JS әзірлеу бойынша front-end тәжірибесі;
  • Жоғары білім;
  • Lua-да әзірлеу тәжірибесі болғаны дұрыс (немесе оқуға бейімділігі);
  • Go немесе php туралы білу, құпталады;
  • SQL жақсы білу;
  • REST архитектурасын түсіну;
  • Қашықтағы командамен жұмыс істей білу;
  • Тапсырыс берушіден талаптарды жинай білу және қойылған міндетті рәсімдеу;
  • Әзірлеу міндеттерін орындау бөлігінде проактивті позицияға ие болу, қойылған міндеттерді шешу бойынша өз пайымдауын ұсыну.

 

Біз Сізге не ұсынамыз?

  • Өршіл және қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
  • Біздің кәсіби команданың бір бөлігі болу мүмкіндігі;
  • ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналасу;
  • Жылдық сыйлықақы (13-ші жалақы);
  • 100% мөлдір еңбекақы жүйесі;
  • Жалақыны уақытылы төлеу;
  • Бес күндік жұмыс аптасы, 09.00-ден 18.00-ге дейін;
  • Жалақы сұхбаттасу кезінде айтылады.
Image
№ 05.21.0006.М. лицензия.
26.02.2021 ж. ҚНРДА берген
*ҚР “Микроқаржылық қызмет туралы” Заңына сәйкес ЖТСМ 56% - ға дейін.

Байланыс ақпараттары

Алматы қаласы, Бостандық ауданы

Жароков көшесі 124, 8 қабат
Жұмыс күндері – 09:00-18:00
Телефон: 7788

ТОРАПКАРТАСЫКАРТАСЫ
Инвестициялар
Пайдалы