Әңгімелесу нәтижелері бойынша
Алматы қ.
- Жалақы келісім бойынша
«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 15 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.
Компанияның миссиясы: «Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып халықтың қаржылық қиындықтарын шешу».
Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету.
Қазіргі сәтте біз Алматы қаласындағы кәсіби командамызға қосылуға дайын болатын «Бизнес талдаушы» лауазымына үміткер іздестіріп жатырмыз.
Біздің талаптарымыз:
- Білімі: жоғары (техникалық / экономикалық / қаржылық);
- Жұмыс өтілі: кез келген позицияда кемінде 1 (бір) жыл: БҚ әзірлеушісі, бизнес-талдаушы;
Қосымша талаптар:
- Bitrix-пен жұмыс істеу тәжірибесі;
- бизнес-процестердің блок-схемаларын "оқу" және оларды құрастыру қабілеті;
- ақпараттық жүйелерді құру принциптерін түсіну;
- жобаның мақсаттарын бизнес-талаптарға, ал бизнес-талаптарды функционалдық және функционалдық емес талаптарға айналдыра білу;
- қарым-қатынас жасау
Сіздің міндеттеріңіз:
- бизнес-талаптарды жинау (бизнес-бөлімшелермен өзара әрекет ету, сұхбаттасу, іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және талқылау);
- функционалдық талаптарды, техникалық тапсырмаларды әзірлеу;
- блок-схемаларды әзірлеу, ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін және бизнес-бөлімшелердің қажеттіліктерін ескере отырып талаптарды келісу;
- әзірлеушілерге тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, тестілеуге қатысу;
- пысықтау нәтижелерінің функционалдық талаптарға сәйкестігін бақылау.
Біз Сізге ұсынамыз:
- Өсуге және даму мүмкіндіктеріне ие амбициялы, қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
- ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
- Уақытылы және 100% ашық еңбекақы төлеу жүйесі;
- Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе);
- Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту;
- Harvard University онлайн оқыту;
- Жылдық мотивациялық сыйлық;
- Компанияда ұзақ мерзімді мотивация жүйесі бар
- "Опциондық бағдарлама" 5 жылға есептелген. Қойылған көрсеткіштерге қол жеткізген кезде осы бағдарламаға кіретін қызметкерлер бизнестен үлес не ақшалай сыйақы алады;
- Жылына бір рет алғашқы 3 күндік ауру демалысы жұмыс күні ретінде төленеді, қалған күндер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төленеді;
- Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;
- 31 желтоқсан – компаниядағы қыз-келіншектер үшін демалыс күні;
- Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;
- "Workout" фитнес клубына 50 % жеңілдік;
- Tas Group Сup үстел теннисі бойынша қызметкерлер арасындағы турнир;
- Компания есебінен футбол бойынша жаттығу;
- Корпоративтік іс-шаралар;
- Жалақы келісім бойынша
Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.
Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз