350,000 ₸
+Бонустар
Алматы қ.
- Тұрақты жалақы + сыйақы
"TAS CREDIT" микроқаржы ұйымы ҚР халқына өз қызметтерін ұсынатын табысты кредиттік ұйым болып табылады. Бізде Алматы қаласында "Байланыс орталығының қызметкері" деген бос орын пайда болды.
Компанияның миссиясы: «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну».
Біз өз жұмысымызда келесі принциптерді ұстанамыз: адалдық, әр клиентке жеке көзқарас, кәсібилік және жоғары сапалы қызмет.
Сіздің міндеттеріңіз:
- Компанияның қолданыстағы және әлеуетті клиенттеріне телефон арқылы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
- Кіріс қоңырауларға уақтылы жауап беру арқылы жіберіп алынған/жауапсыз қалған қоңыраулар санын барынша азайту;
- Кіріс және шығыс қоңыраулар кезінде компанияның өнімдері мен қызметтерін ұсыну және сату;
- Сайттан және басқа да қолданыстағы көздерден келіп түскен өтінімдерді күнделікті өңдеу;
- Байланыс нөмірлерінің өзектілігін тексеру және қажет болған жағдайда жаңарту;
- Кіріс қоңыраулар бойынша есептілік және аналитика жүргізу.
Біздің талаптарымыз:
- Жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті мен сауаттылығы (қазақ және орыс тілдерін және қарым-қатынас этикетін білу);
- Дикцияның анық болуы;
- Сөз мәнері мен сөйлеу қарқынының қабылдауға ыңғайлы болуы;
- Жақсы коммуникациялық дағдылар (ойлардың анықтығы, қисындылығы, әңгімелесушіге назар аудару);
- Қиын жағдайларда сыпайылық пен такт сақтай отырып, серіктестік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- Компьютерді сенімді меңгеру;
- Аналитикалық ойлау қабілеті (қызметкер есептеулермен жұмыс істейді);
- Эмоционалды интеллект (эмоцияларды басқару);
- Жылдам ойлау қабілеті (тез шешім қабылдау дағдылары);
- Клиентке бағдарланған қызмет көрсету.
Біз Сізге ұсынамыз:
- Өсуге және даму мүмкіндіктеріне ие амбициялы, қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
- ҚР ЕК бойынша ресми жұмысқа орналастыру;
- Уақытылы және 100% ашық еңбекақы төлеу жүйесі;
- Жалақыны жыл сайын қаңтар айында индексациялау;
- Жылдық сыйақы (желтоқсанда);
- Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;
- Жылына бір рет алғашқы 3 күндік ауру демалысы жұмыс күні ретінде төленеді, қалған күндер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төленеді;
- Жұмыс кестесі: 5/2;
- Жалақы: Фиксирленген оклад + бонустар (орта есеппен 350 000 теңге қолыңызға тиеді);
- Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе);
- Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту;
- Harvard University онлайн оқыту;
- Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;
Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.
Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз