Сонау Тарбағатай өңіріндегі ауыл мектебінде өткен сабақта балалар отаншылдық тақырыбында эссе жазды. «Патриот қандай болуы керек?» деген сұраққа бір қыз: «Дулат Тастекей сияқты» деп жауап берді. Таңқалған ұстаз: «Неге?» деп сұрағанда, қыз сенімді түрде: «Өйткені ол туған ауылына көмектесіп, стадион, мешіт, жол салып, жаңа кеңсе мен мектеп мұражайын ашты. Ақсуатқа жыл сайын белгілі тұлғаларды шақырып, өңіріміз туралы кітап шығарып жүр. Ол табысты бизнесмен, айналасындағыларға көмектеседі, туған ауылын ұмытпайды. Ол болмаса, кім?» – деді. Тастекей Дулат – Қазақстандағы жаңа буын кәсіпкерлерінің өкілі. Ол табысты бизнесін дамытып қана қоймай, бизнесті мүлде жаңа форматта ұйымдастырып, Tas Group компаниялар тобын басқарып, қайырымдылық істерімен де айналысады.
Барлығы осыдан 8 жыл бұрын басталды. Ол кезде Дулаттың өзі әрі кассир, әрі күзетші болып, бөлмені тәртіпке келтіріп, телефон қоңырауларына да өзі жауап беретін шағын кеңседен жұмысын бастаған еді. TASCREDIT алғашқылардың бірі болып көлік жүргізу құқығын кепілге қойып несие беруді енгізді. Бұл инновациялық өнім сұранысқа ие болып, уақыт өте келе компания Қазақстанның барлық ірі қалаларында кең филиалдық желісі бар автонесие нарығының көшбасшысына айналды.
Компания табысының сыры – тұтынушыларға, қызметкерлерге және жалпы адамдарға деген ерекше көзқараста. Клиенттер әрқашан қайта оралып, достары мен туыстарына компанияны ұсынады, ал қызметкерлері жұмыстан кеткісі келмейді, өйткені мұнда жайлы еңбек ету мен мансаптық өсуге барлық жағдай жасалған. Бір кездері елдегі жетекші банктердің бірінде қызмет атқарған Дулат Тастекей халық үшін мүлдем жаңа әрі ыңғайлы форматта өз банкін құрып, елдің қаржы нарығында көшбасшы компания жасау мақсатын алға қойды. Бүгінде ол осы мақсатына сенімді түрде қадам басып келеді.
TAS компаниялар тобы бүгінде бірнеше бағытта жұмыс істейді. Оның құрамына автокөлік несиесі саласындағы көшбасшылар – Tascredit және Tas Finance Group, айырбастау пункттерінің желісі TAS Exchange, микроқаржы ұйымы TAS Microfinance, несие серіктестігі Жетісу Агрокредит, құрылыс компаниясы AHTAS Construction, «Жанұя» медициналық орталығы, сондай-ақ Ресейдегі «38» қаржылық тобы (Мәскеу) кіреді. Дулат Тастекей бірнеше жылдан бері қайырымдылықпен айналысып келеді. 2018 жылы тіркелген «ASSYLTAS» қоғамдық қоры бүгінде компанияның барлық әлеуметтік жобаларын ресми түрде жүзеге асырады. Қордың ең ірі жобасы – Семей қаласында ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған Орталық мешіттің құрылысы. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Тастекей әулетінің қаражатына екі мешіт салынған болатын. Асылтастың тағы бір ерекше әрі ауқымды жобасы – Дулаттың туған жері Ақсуат ауылында үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Туған жерге туыңды тік» халықаралық ақындар айтысы. Бұл шара елдің түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелден де қатысушылар мен қонақтарды тартады. Қомақты жүлде қорымен қатар, жыл сайын бір ақынға TASCREDIT стипендиясы тағайындалады. Айтыс қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап қана қоймай, Ақсуатты айтыстың мәдени орталығы әрі экотуризмнің жаңа бағыты ретінде танытуға ықпал етуде. 2016 жылдан бері Дулат «Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманахтың шығуына демеушілік етіп келеді. Бұл шағын энциклопедияда өңірдің тарихы, табиғаты, археологиясы, аңыздары мен тарихи тұлғалары жайлы қызықты деректер қамтылған. 2018 жылдан бастап осы аттас жоба әлеуметтік желілерде де жүргізіліп келеді. 2018 жылдың мамырында «Ертегілер елі» жобасы жүзеге асырылды. Оның мақсаты – Тарбағатайдың фотобанкін құру, себебі әлеуметтік желілерде өңірдің сапалы суреттері жетіспейтін. Осы мақсатта фотоблогер Андриан Звигин мен археолог Ерден Оралбай фотоэкспедицияға шықты. Сол жылы Дулат Екпін ауылындағы мектепке көмек көрсетіп, жаңа тарих кабинеті мен тарихи-өлкетану мұражайын жабдықтады. Сонымен бірге мектепті негізгі жолмен байланыстыратын жаңа жол учаскесі салынды. Дулат өзі түлегі болып табылатын Алматыдағы Абай атындағы республикалық «Дарын» мектебіне де қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда осы мектеп оқушылары үшін ана тілінде сөйлейтін мамандардың қатысуымен тегін ағылшын тілі бағдарламасы іске қосылды.
Тастекей Дулаттың демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың барлығын тізбелеп шығу мүмкін емес, бәрін есте сақтау да қиын. Бірақ осының өзі бұл адамның «Елдің 100 жаңа есімі» тізіміне кіруге лайық екенін түсінуге жеткілікті деп сенеміз. Өйткені патриотизм кішкентайдан басталады: жұмысыңды жақсы атқару, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету, жаңалық ашу, Отаныңа, ауылыңа, мектебіңе қолдау көрсету. Патриотизм бала күнгі арманнан басталады: өмірді жақсы жаққа өзгерту, қалыптасқан стандарттарды жаңарту, жаңа дүниелерді енгізу, бизнесті дамыту, адамдарға қаржылық қиындықтарды еңсеруге көмектесу, оларға алға жылжу мүмкіндігін беру, таңдандыратын әрі үлгі болатын табыстарға жету. Бұл – жас ұрпаққа өнеге.





