Шағын несие және инвестиция бойынша сұрақтар мен жауаптар | TASCREDIT жиі қойылатын сұрақтар
Автокөлік кепілдігіне микрокредит
Автокөлік кепілдігімен микрокредит алу үшін біздің филиалға келіп, автокөлікті бағалаудан өткізу қажет. Сонымен қатар TASCREDIT мобильді қосымшасын жүктеп, жеке мәліметтеріңізді толтырып, көлік құжаттары мен фото-суреттерді жүктеу арқылы өтінім бере аласыз. Онлайн тексеруден кейін шешім шығарып келісімшартқа қол қойып, ақшаңызды алуға болады. Микрокредитті рәсімдеу кезінде автокөлігіңіз кепілде болмағаны/тыйым салынбағаны маңызды.
Автокөліктің техникалық паспорты және автокөлік иесінің жеке куәлігі. Микрокредит ресімдеу кезінде көлік иесінің келуі міндетті болып табылады. Несиені түпнұсқа қағаз құжаттарсыз, цифрлық құжаттар арқылы рәсімдеуге болады. Ол үшін мобильді қосымшада ЖСН енгізіп, жеке басыңызды биометрия немесе SMS-код арқылы растайсыз. Цифрлық құжаттар (жеке куәлік, көлік техпаспорты және т.б.) мемлекеттік базалар арқылы автоматты түрде тексеріледі.
Автокөлікті бағалау және микрокредитті ресімдеу 30 минут ішінде жүзеге асырылады.
Кредиттеу мерзімі сіз таңдаған өтеу кестесіне байланысты болады:
- кейінге қалдырылған төлем өтеу кестесін таңдағанда, микрокредиттеу мерзімі - 12 айдан 36 айға дейін;
- өтеудің аннуитеттік кестесін таңдау кезінде микрокредиттеу мерзімі -12 айдан 84 айға дейін.
Пайыздық мөлшерлеме айына 3,17%, жылдық пайыз мөлшері 38%
*ЖТСМ 46%-дан аспайды
Автокөлікті бағалау біздің филиалдарда сонымен қатар TASCREDIT мобильді қосымша арқылы онлайн жүргізіледі. Ол үшін қосымшаға автокөліктің әр қырынан түсірілген фото және қысқа видео жүктейсіз. Автокөлігіңіздің өтімділігі мен техникалық жағдайын қашықтан немесе филиалдарда бағалап, алдын ала құнын анықтайды. Бағалаудың максималды сомасы:
- Сіздің көлігіңіздің нарықтық құнының 70%-на дейін
Бізде микрокредитті өтеудің бірнеше жолы бар:
- Tascredit филиалдарының кассаларында қолма-қол төлем арқылы,
- Halyk және Forte банк мобильді қосымшаларында,
- айлық төлемді Kaspi.kz қосымшасындағы, қаржы қызметтері төлемдеріндегі МҚҰ бөлімінде.
- Halyk және Forte банк бөлімшелерінде қолма-қол төлем арқылы,
- Qiwi терминалдары арқылы,
- Kassa 24 терминалдары (комиссия - төленген сомманың 0,8% -ы) арқылы,
- Halyk банк карта /шот иелері үшін Halyk банк мобильді қосымшасында (комиссиясыз)
- Forte банк карта /шот иелері үшін Forte банк мобильді қосымшасында (комиссиясыз)
- "paydala" терминалдары арқылы
- жеке кабинетіңізде jetpay.kz серіктесі арқылы
Кепілді ІІМ базасында тіркеу үшін қосымша шығындар 4400-4700 теңгені құрайды.
Мұның қажеті жоқ, сіз үшін біздің қызметкерлер өздері кепіліңізді ІІМ базасында тіркеп береді.
Инвестициялар
Жеке куәлік және кез келген банктегі шотыңыздың мәліметтері (шот нөмірі, т.б.) болуы керек.
Қазіргі облигациялар 2026 жылға дейін, облигациялардың мерзімі – 2,5 жылдық.
1 қадам
Өтінімді сайтта қалдырыңыз. Сізге инвесторлармен жұмыс жөніндегі менеджер хабарласады
2 қадам
Брокерлік шотты толтырыңыз және брокерден менеджер арқылы облигацияларды сатып алуға өтініш беріңіз
3 қадам
Құттықтаймыз! Сіз инвесторсыз! Біз сізге инвестициялаудың барлық жолында көмектесеміз
Мәміле ҚР Салық кодексінің 288-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына (заңды тұлғаларға қатысты) және ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына (Жеке тұлғаларға қатысты) сәйкес KASE-де салық салудан босатылады
Автокөлік сатып алуға арналған шағын несие
Автокөлік сатып алуға арналған микрокредитті ресімдеу үшін біздің филиалға автокөлікпен және оның иесімен келуіңіз қажет. Біздің мамандар автокөліктің өтімділігі мен техникалық жағдайына негізделген бағалауды жүргізеді. Бағалаудан кейін сізге автокөліктің орташа нарықтық құнының 70% - на дейін несие ресімдей аламыз, қалған қаражатты бастапқы жарна ретінде өзіңіз төлеуіңіз қажет болады.
Пайыздық мөлшерлеме айына 3,17%, жылдық пайыз мөлшері 38%
*ЖТСМ 46%-дан аспайды
Мерзімінен бұрын толық немесе жартылай төлем өзіңіз үшін қолайлы кез келген кезеңде жүргізіледі, пайыздық мөлшерлеме тек нақты пайдаланылған күндер үшін есептеледі. Несиені мерзімінен бұрын жартылай өтеудің ең төменгі мөлшері - 3 айлық төлемді құрайды.
- Halyk және Forte банк бөлімшелерінде қолма-қол төлем арқылы,
- Qiwi терминалдары арқылы,
- Kassa 24 терминалдары (комиссия - төленген сомманың 0,8% -ы) арқылы,
- Halyk банк карта /шот иелері үшін Halyk банк мобильді қосымшасында (комиссиясыз)
- Forte банк карта /шот иелері үшін Forte банк мобильді қосымшасында (комиссиясыз)
- жеке кабинетіңізде jetpay.kz серіктесі арқылы
Барлық өнімдер бойынша сұрақтарға жауап беру

