Онлайн алу

ТОО «МФО «TAS FINANCE GROUP» под брендом TASCREDIT

«МҚҰ «TAS FINANCE GROUP» ЖШС TASCREDIT брендімен өз қызметін 2010 жылы бастады. Бүгінгі таңда TASCREDIT «Автокөлік кепілімен несие беру» нарығында қарқынды дамып келе жатқан компания. 2019 жылдың 19 қарашасынан бастап «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP» ЖШС «Автокөлік құралдарын кепілге алу арқылы кредиттеу жөніндегі компаниялар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы болып табылады.

Біз өз клиенттерімізге жоғары сапалы қызмет көрсету мен тиімді шарттарды ұсынамыз. TASCREDIT бөлімшелері Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналасқан, толығырақ ақпаратпен «Бөлімшелер» парақшасында танысуға болады. Біздің бизнес-модельіміз табыстылықтың мақсатты көрсеткіштерін сақтай отырып, клиенттік базаны қарқынды арттыруға мүмкіндік береді, ал бөлімшелер арқылы аймақтық даму, клиенттік активтердің өсуіне ықпал етеді. Ағымдағы нарықты дамыту және алғашқы жол салушы рөлінде жаңаларын игеру, бізге Қазақстанның қаржы нарығындағы көшбасшы компания болуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда компанияның Қазақстан аумағында 38 бөлімшесі жұмыс істейді.

Біз 2022 жылдың 8 тамызынан бастап АМФОК-пен бірге жұмыс істеп келеміз.
«Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – ҚМҰҚ) коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметі өз мүшелерінің және тұтастай алғанда Қазақстанның микроқаржы секторының мүдделерін нығайтуға және ілгерілетуге бағытталған.
ҚМҰҚ 2004 жылдың ақпанында құрылған. Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымдарының бастамасымен. ҚМҰҚ Қазақстан Республикасында микроқаржыландыруды дамытуға мүдделі ұйымдарды біріктіретін жалғыз салалық одақ болып табылады.

Онымен қатар біз "Автокөлік құралдарын кепілге қою арқылы Кредиттеу жөніндегі компаниялар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтықта болып, қауымдастық мүшелерінің мемлекеттік органдармен жұмысын тиімдірек етуге көмектеседі.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

АДАЛДЫҚ-СЕНІМ

Біз адалдықты жоғары бағалаймыз, сондықтан өзімізге, клиенттерімізге, серіктестерімізге және әріптестерімізге әрқашан адалмыз. Адалдық ашықтықтың кепілі және біздің жұмысымыздың шынайылығының кепілі болып табылады. Адалдық пен ашықтық бізге сенім мен достық атмосферасын дамытуға көмектеседі.

КОМАНДА-БІРЛІК

Біз бірге жұмыла әрекет еткенде ғана мықты команда болатынымызды жақсы білеміз. Сондықтан бізге қарым-қатынас жасай білу, дұрыс коммуникация жасау, ынтымақтас және дос болу өте маңызды. Біз-пікірлестер командасымыз, біз әрқайсымыздың ортақ іске қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, бір-бірімізді оқытамыз.

БЕРІКТІК-ҚАМҚОРЛЫҚ

Біз-клиенттерімізге сенімді және қамқор компаниямыз, сондықтан клиентке өз кепілін сатып алуына әрдайым көмек көрсетеміз және оны мұқият сақтаймыз.

КӘСІБИЛІК-ДАМУ

Біз үшін командамыздың кәсібилігі маңызды, сондықтан біз өзімізді үздіксіз дамытып, жетілдірумен және оқытумен айналысамыз.

УАҚЫТ-ПУНКТУАЛДЫҚ

Біз клиенттеріміздің уақытын қымбат бағалаймыз, сондықтан әрдайым оларға жедел қызмет көрсетуге тырысамыз, 30 минуттан аспайды.

TASCREDIT компаниясының тарихы

2010

TASCREDIT қызметінің басталуы

Тауарларды, алтын бұйымдарды кепілге салу арқылы кредит беру.

Rectangle 1518

2012

Жаңа өнімді іске қосу

Табысты іске қосу "жүргізу құқығымен автомобильді кепілге салу арқылы кредит беру".

IMG CAR

2015

Компанияны масштабтау

Бүкіл Қазақстан бойынша TASCREDIT бөлімшелерінің ашылуы.

blue-location-3d-pin-icon-of-travel-navigation-road-map-marker-place-symbol-or-gps-pointer-route-direction-mark-sign-and-global-position-system-find-target-on-search-street-background-with-push-pin 1 (1)

2019

TASCREDIT компаниясының филиалдары

Қазақстанның 24 қаласындағы 30 филиал, 105 000-нан астам клиентке қызмет көрсетілді, 55 млрд-тан астам теңге берілді.

image 214

2020

Жаңа өнімді іске қосу

Автокөлік сатып алуға арналған кредит өнімін сәтті іске қосу

white-new-suv-standing-on-a-platform-surrounded-by-gold-coins-and-a-glass-percentage-sign-on-a-white-background-3d-illustration 1