«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық көлік иелері әдемі VIP-нөмірлерді жиі сатып ала бастаған екен. Автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін (АМТН) алу барысында, тізімнен өзіңізге ұнайтын кез келген нөмірді таңдай аласыз. Бұл мүмкіндік стандартты бағадағы кәдімгі авто нөмірді таңдағанда да беріледі. Алайда, қалталы жүргізушілер мен жолда ерекшеленгісі келетіндер үшін қарапайым нөмірлердің құнынан әлдеқайда жоғары ақыға «әдемі» немесе «VIP» нөмірді сатып алу мүмкіндігіңіз бар. Естеріңізге сала кетейік, қарапайым көлік нөмірі үшін төлем 2,8 АЕК (2022 жылға 8 576,4 теңге) құрайды. Әріптер мен цифрлардың тіркесіміне қарай VIP нөмірлердің құны 174 591 теңгеден 872 955 теңгеге дейінгі диапазонда.
Жаңалықтар TASCREDIT
НАДЕЖНЫЕ ИНВЕСТИЦИИ ПОД 19% ГОДОВЫХ! Инвестиции в ценные бумагиВЫГОДНЫЕ ИНВЕСТИЦИИ!СТАВКА ВОЗНАГРАЖДЕНИЯ — 19% • Выплата купона ежеквартально!• Деятельность компании регулируется АРРФР• Доходы с ценных бумаг не облагаются налогом! На сегодняшний день доходность по банковским депозитам невысокая, а перспективы падения стоимости недвижимости сохраняются. Наша компания предлагает своим клиентам более доходные инвестиции, где выплаты […]
Біздің компания автокөлік немесе жылжымайтын мүлік кепілімен 2,08% айлық мөлшерлемемен бизнес микрокредит беруді қайта жалғастырды. Микрокредит мерзімі: 36 айға дейін Микрокредит сомасы: 25 000 000 ₸дейін Микрокредиттің мақсаты: инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру Қарыз алушыға қойылатын талаптар: ЖШС, ЖК, ШҚ Толық ақпарат алу үшін 7788 нөмірі бойынша хабарласуға немесе төмендегі парақшада өтінім қалдыруыңызға болады: https://tascredit.kz/kk/loans/busines-credit-ru/
Биыл наурызда автонарық жанданып, 10 753 көлік (2021 жылмен салыстырғанда 28.3 % жоғары) сатылған еді, сәуірде көрсеткіш қайта төмендеді. ҚАБА мәліметіне сүйенсек, бір айда жеңіл коммерциялық техниканы қоса есептегенде 9212 жаңа машина өткен. Бұл былтыр сәуірдегі көрсеткіштен 8.9 %-ға төмен. Ал төрт айда жалпы 31 582 көлік сатылып, 2021 жылмен салыстырғанда 8 %-ға төмендеді. Сәуірде Chevrolet көліктері ең көп сатылды. Марка дилерлері 3004 машина өткізе алды, бұл наурыздағы көрсеткіштен 1.7 есе көп. Тұтынушылардың көбі Cobalt седанын таңдады. Модельдің 2111 данасы өткен. Одан бөлек 418 Nexia иесін тапты. Үздік маркалар рейтингінде Hyundai екінші (1802), Kia үшінші (968) орын алды.
TAS GROUP компаниялар тобы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ -мен ынтымақтастығын жалғастыруда. Естеріңізде болса, Даму қоры 2021 жылы компанияға қолдау көрсеткен болатын. Бұл жолы да екі жақтық келісімге қол қойылды. Дулат Тастекеев, TAS GROUP компаниялар тобының басшысы
Бұл үздік -10 ойыншының несие портфелін ұлғайту есебінен жүзеге асырылды. Қазақстанның микроқаржы ұйымдары 2021 жылы активтерін 82% – ға, несие портфелін – 70% - ға өсіре отырып, мерзімі өткен төлемдер деңгейінің портфельдің барлық көлемінен 6,1-ден 6,9% - ға дейін баяу өсуіне қол жеткізді. Қазақстанның барлық микроқаржы ұйымдарының активтері 2020 жылғы 26%-ға (448 млрд-қа дейін) қарағанда бір жыл ішінде 82% - ға өсіп, 815 млрд теңгеге жетті. Өсудің шамамен 2/3 бөлігін үздік 10 -дықтың қатарына кірген ойыншылар қамтамасыз етті.
Құрметті клиенттер! Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 63 мекенжайында орналасқан жаңа бөлімшенің ашылғаны туралы хабарлаймыз. Қосымша ақпарат алу үшін 7788 телефонына хабарласуыңызға болады (қоңырау шалу тегін). Біз сіздерді клиенттеріміздің қатарынан көруге қуаныштымыз!
TAS Group компаниялар тобы әз-Наурызды ерекше атап өтті. 2019 жылдың соңында TAS Group компаниялар тобының қызметкерлері бірауыздан Жаңа жылдық кештен бас тартып, оның орнына қазақи дәстүрде Наурыз мейрамын атап өтеміз деген мәмілеге келген болатын. 2020 жылдың көктемінде бүкіләлемдік пандемия басталып, жоспар жүзеге аспай қалған болатын еді. Енді міне 2022 жылдың наурызында 300 жуық қызметкердің басы қосылып, мейрамды атап өтті. "Tas Group құрылтайы" деген атаумен өткен шарада қызметкерлер көшпенділер кейіпіне еніп, этно стильде Наурыз мейрамын тойлады. Қыз қуу, қыз бен жігіт айтысы, садақ ату, арқан тарту, қол курес, асық ойынында қызметкерлеріміз бақ сынап кім мықтыны анықтады.