бастап 261.000 ₸
+Бонустар
Көкшетау қ
- Тұрақты жалақы + сыйақы
«TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП)» ҚР халқына нарықта 15 жылдан аса уақыт бойы қызмет көрсететін микроқаржылық ұйым.
Компанияның миссиясы: «Инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну».
Компания Қазақстан бойынша МҚҰ үздік бестігіне кіреді. Біздің айрықша ерекшелігіміз – жылдамдық, клиенттерге 30 минут ішінде кәсіби және жоғары деңгейде қызмет көрсету.
Қазіргі уақытта біз кәсіби командамызға қосылуға дайын кандидатты іздеудеміз «Филиал менеджері» лауазымына, Көкшетау қаласында.
Сіздің міндеттеріңіз:
- Кредиттік клиенттер базасымен жұмыс жүргізу;
- Автокөлікті бағалау (VIN-кодты түсіру және т.б.);
- Клиенттің деректерін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тексеру;
- Клиент ұсынған мәліметтер бойынша әртүрлі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелерден ақпарат іздеу және тексеру;
- Кредиттік құжаттарды, қарыз алушының төлем қабілеттілігін талдау және микрокредит беру туралы шешім қабылдау;
- Кіріс қоңырауларды қабылдау және өңдеу;
- Кепіл мүлкінің техникалық жағдайын тексеру;
- Кепіл мүлкіне объективті бағалау жүргізу;
- Микрокредит беруге байланысты барлық рәсімдерді орындау.
Біздің талаптарымыз:
- Қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеу;
- Автокредиттеу саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады;
- Арнаулы орта немесе жоғары білім;
- Сату бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындау;
- ДК-ны сенімді меңгеру;
- MS Office бағдарламаларын білу;
- Арнайы бағдарламаларды, соның ішінде *Bitrix24 CRM* жүйесін білуі құпталады;
- Келіссөздер жүргізу және өз ойын дәлелді түрде жеткізе білу;
- Әртүрлі санаттағы адамдармен (мәртебесі, мінез-құлқы, жасы, өкілеттілігі бойынша) тиімді коммуникация орната білу.
Біз Сізге ұсынамыз:
- Өсуге және даму мүмкіндіктеріне ие амбициялы, қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу;
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмыс;
- Уақытылы және 100% ашық еңбекақы төлеу жүйесі;
- Жалақыны жыл сайын қаңтар айында индексациялау;
- Жылдық сыйақы (желтоқсанда);
- Қуанышты және қайғылы оқиғаларға материалдық көмек;
- Жылына бір рет алғашқы 3 күндік ауру демалысы жұмыс күні ретінде төленеді, қалған күндер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес төленеді;
- Жұмыс кестесі 6/1 (дс-жм 9.00-19.00, сенбі 10.00-15.00, жекс. демалыс);
- Жалақы 261.000 (қолына) + бонустар (бонуыстарды есептей отырғанда орташа есеппен 600,000 қолға шығады).
- Компания есебінен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту (кенседе);
- Компания есебінен ішкі және сыртқы оқыту;
- Harvard University онлайн оқыту;
- Қызметкерлеріміздің балаларына 1 қыркүйекте, Жаңа жылда, Наурызда сыйлықтар беру;
Бос жұмыс орындары бойынша HR бөліміне хабарласыңыз.
Немесе сайтта жұмысқа тапсырыс беріңіз





