Қоңырау тегін

Қазақстанның МҚҰ активтері 82%- ға өсті.

Бұл үздік -10 ойыншының несие портфелін ұлғайту есебінен жүзеге асырылды.
 
Қазақстанның микроқаржы ұйымдары 2021 жылы активтерін 82% – ға, несие портфелін – 70% - ға өсіре отырып, мерзімі өткен төлемдер деңгейінің портфельдің барлық көлемінен 6,1-ден 6,9% - ға дейін баяу өсуіне қол жеткізді.
 
Қазақстанның барлық микроқаржы ұйымдарының активтері 2020 жылғы 26%-ға (448 млрд-қа дейін) қарағанда бір жыл ішінде 82% - ға өсіп, 815 млрд теңгеге жетті. Өсудің шамамен 2/3 бөлігін үздік 10 -дықтың қатарына кірген ойыншылар қамтамасыз етті.
10 ірі МҚҰ-ның 6-ының отандық қор биржалары арқылы қаржы тартуға тырысу әрекеттері байқалды.
TAS Finance Group МҚҰ өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға көтерілді: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ренкингте компания 25,9 млрд теңге (+65%) мөлшеріндегі активтерімен және 21,4 млрд (+51%) портфелімен 5-ші орынға шықты. Бүкіл ел аумағында 38 филиалы бар TAS тек бір бағытты дамытады. «TAS Finance Group-тың бизнес моделі 100% - ға автокөлік кепілімен кредиттеуге құрылған. Біз басқа жолмен несие бермейміз», - деп компанияда баса айтты. TAS автокөлік кепілімен алғашқы несиені осыдан 10 жыл бұрын берген болатын, ал 2020 жылы МҚҰ автокөлік сатып алуға несие беруді бастады. Өткен жылдың ортасында TAS Finance Group-тың негізін қалаушы Дулат Тастекеев, өз компаниясының автокөлік кепілімен онлайн-қарыз беретін ТМД-дағы жалғыз компания екендігін атап өтті.
 
TAS бөлінбеген пайда көлемі бойынша KMF-тан кейін 2-ші орында (шамамен 8 млрд теңге). МҚҰ -ның бөлінбеген пайдасының активтерге қатынасының көрсеткіштері, үздік 10-тағы ең үздік көрсеткіштер (2021 жылы 32,1%), компания бөлінбеген пайда мен капиталдың арақатынасы бойынша 2-ші орында (65,7%).
Өткен жылдың желтоқсан айында компания AIX-ке екі жылдық облигациялар бойынша 19,00% - бен 2,7 млрд теңге тартты. TAS сұраныстың ұсыныстан 37% - ға асып түскенін атап өтті. Жақын арада компания тағы 2,3 млрд теңге орналастыруды жоспарлап отыр. AIX порталының мәліметтері бойынша компания бүкіл облигациялық бағдарлама шеңберінде, жалпы алғанда 20 млрд теңге тартуды жоспарлаған.
 
Дулат Тастекеев, TAS Finance Group бас директоры
 
2021 жылы МҚҰ нарығының қарқынды өсуі, оның тәжірибелі қатысушыларын таң қалдырмайды. МҚҰ-да даму перспективалары әрқашан болды. Ол нишаларды табатын, клиенттерді қорландыруға қол жеткізуді жеңілдететін, банктер байланысудан қорқатын қиын және қауіпті қарыз алушылармен жұмыс істейтін мобильді және жедел қаржы ұйымдары.
 
Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, кейбір банктер несие беруді тоқтатып қана қоймай, қолма-қол ақшаны алуға шектеу қойған кезде, МҚҰ қызметтеріне бизнес тарапынан сұраныс артып келеді.
 
Қазір шағын және орта бизнес өкілдері үшін екінші деңгейлі банктердегі қорландыру шектеулі екенін түсінеміз. Осы кезеңде көптеген МҚҰ-лар белсенді дамуда, жаңа технологияларды енгізуде, өз өнімдерін автоматтандырып, цифрландыруда. Бұл қаржылық сауаттылықтың жоғарылауына, жеке тұлғалар мен ШОБ үшін қорландырудың қолжетімділігіне әкелетін, осы саланың өсіп келе жатқан даму әлеуетін көрсетеді.
 
Алайда, нарықты дамытудың міндетті шарты - дұрыс реттеу. Осыған байланысты бізге реттеуші ұсынып отырған борыштық жүктеменің коэффициентін (БЖК) есептеу бойынша нормаларға түзетулер енгізу логикасы түсініксіз. Осыған сәйкес автомобильді банктен несиеге сатып алған кезде БЖК есептелмейді, ал қолыңызда бар автомобильді кепілге қойып ақша алған жағдайда, ол есептеледі.
 
Біздің компанияның статистикалық мәліметтері бойынша, адам автокөлікті кепілге қояды және 100 жағдайдың 1-2 -інде ғана тұтынушылық қажеттіліктерге ақша алады. Біз автокөліктің жеке меншік бола тұра, көбінесе тауарларды тасымалдау немесе жеткізу тәрізді бизнес функциясын орындайтынын көреміз. Көлік құралы заң бойынша (де-юре) жеке тұлғаның меншігі болып, жеке тұлғаға ресімделеді, өйткені салықты есептеу деңгейіндегі айырмашылық айтарлықтай: заңды тұлғаға салынатын автокөлік салығы жеке тұлғаға салынатын салыққа қарағанда әлдеқайда көп.
 
Негізінен клиенттер айналым қаражатын толықтыру немесе бизнестегі кассалық алшақтықты жабу тәрізді аса маңызды жеке міндеттерді шешеді. Біздің ойымызша, БЖК бойынша ұсынылатын түзетулер автокөлік кепілімен несиелендіру нарығын өшіріп тастауы мүмкін.
 
Біздің кредиттеу сегменті жеке тұлғалардың кредитті көп алу деңгейнің өсуіне жағдай (алғышарттар) жасамайтындығын түсіну маңызды, өйткені біздің клиенттеріміздің негізгі өзегі – автомобиль іс жүзінде негізгі құралы болып табылатын кәсіпкерлер. Бірақ мұндай қарыздардың ресми статистикада дұрыс көрсетілмеуі, үй шаруашылықтарының несие алу деңгейі өсіп келе жатқандай әсер қалдырады.
 
Реттеудің екінші маңызды проблемасы – бизнеспен жұмыс істейтін МҚҰ және негізінен 150 мың теңгеге дейін кредит беретін PDL-компаниялар қызметінің ара жігін ажыратудың болмауы. Қолданыстағы заңнама бойынша 20 мың АЕК-ке дейінгі төлемдер микрокредиттер болып саналады, бұл шамамен 61 млн теңге немесе $150 мың, алайда мұндай сомаларды микрокредит деп атау қисынсыз. Сонымен қатар, өнімді бекіту кезіндегі, несие алу кезіндегі несие беру процесінің өзінде үлкен айырмашылықтар бар.
 
Реттеуші нарықтың осы екі сегментін бөлмей, өзінің басты мақсаттарының бірі – әлеуметтік шиеленістің өсуіне жол бермеу үшін үй шаруашылықтарына кредиттік жүктемені тиімді басқаруға қол жеткізе алмау тәуекеліне барады. Оның үстіне, ол МҚҰ – ның табысты өсіп келе жатқан, авто кепілімен микрокредит беру сегментін өшіріп тастауы мүмкін. Дәл осы сегмент банк несиелерін алуға жолы жабық адамдар үшін қаржыландырудың қол жетімділігін кеңейте отырып, микрокәсіпкерлікті дамытумен байланысты мемлекеттік міндеттерді шешуге ықпал етеді.