Теңге – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны.Тәуелсіздік жылдарында валютаның дизайны бірнеше рет өзгерді, бірақ еліміздің халқы үшін құндылығын жоғалтпады!
Біз валютамыз - Теңгені құрметтейміз және бағалаймыз! Қаржы саласының қызметкерлерін қадірлейміз және сенім артамыз! Сіз Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарға баға жетпес үлес қостыңыз!
Сізге құт-береке, амандық және әрбір ісіңізге толағай табыстар тілейміз! Біздің валютамыз да, халқымыз секілді мықты және берік болсын!
Мерекеңізбен!