Қоңырау тегін

TAS GROUP QURYLTAI 2022

TAS Group компаниялар тобы әз-Наурызды ерекше атап өтті. 2019 жылдың соңында TAS Group компаниялар тобының қызметкерлері бірауыздан Жаңа жылдық кештен бас тартып, оның орнына қазақи дәстүрде Наурыз мейрамын атап өтеміз деген мәмілеге келген болатын. 2020 жылдың көктемінде бүкіләлемдік пандемия басталып, жоспар жүзеге аспай қалған болатын еді.
 
Енді міне 2022 жылдың наурызында 300 жуық қызметкердің басы қосылып, мейрамды атап өтті. "Tas Group құрылтайы" деген атаумен өткен шарада қызметкерлер көшпенділер кейіпіне еніп, этно стильде Наурыз мейрамын тойлады. Қыз қуу, қыз бен жігіт айтысы, садақ ату, арқан тарту, қол курес, асық ойынында қызметкерлеріміз бақ сынап кім мықтыны анықтады.

Бағам

Курс валют в Казахстане

Акциялар