Құрметті клиенттер!
TASCREDIT компаниясы клиенттерге қамқорлық көрсету мақсатында төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың микрокредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыруға мүмкіндік беретінін хабарлайды.
Төлемдерді кейінге қалдыру 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымына дейін 3 ай мерзімге беріледі және төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұлдар есептелмейді.
Төлемдерді кейінге қалдыру үшін:
1. [email protected] электрондық поштасына өтініш жіберіңіз немесе қол қойылған өтінішті Компанияның жергілікті бөлімшелерінде қалдырыңыз; [email protected] или оставить подписанное заявление в местном отделении Компании.
2. Өтінішке су тасқыны салдарынан қаржылық жай-күйініңіздің нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса жіберіңіз.
Компания өтінішті заңнамада белгіленген мерзім ішінде қарастырады және оның қорытындысын сізге міндетті түрде хабарлайды.
TASCREDIT халықпен бірге!