14 жылдың ішінде біздің компаниямыз едәуір өсім көрсетті. 2010 жылы біз қаржы нарығында TASCREDIT компаниясынан өз тарихымызды жаза бастадық. Ал қазіргі таңда, TAS GROUP — қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын, құрамына 8 компания кіретін, серпінді дамып келе жатқан компаниялар тобы.
— Біз “Автокөлік және жылжымайтын мүлік кепілімен микрокредиттеу" нарығында көшбасшымыз;
— Еліміздің нөмір бірінші FIN TECH ұйымы;
— 2023 жылы Халықаралық Fitch Ratings агенттігінен TAS FINANCE қызметімізге «В» рейтингі берілді, болжам “Тұрақты”.
Стратегиялық масштабтау мақсатында 14 жылдың ішінде біз Қазақстан, Ресей және Өзбекстан бойынша 50 филиал мен бөлімше аштық. Мақсатымыз айқын, асуларды бағындырып келеміз. Әлемдік нарықта өз орнымызда айқындау жолында тынбай еңбек ету жолындамыз. 500-ден астам кәсіби мамандар командасын жасақтап, кездескен қиындықтарды бірге өткеріп келеміз.
TASCREDIT.ONLINE мобильді қосымша, скоринг модельдері, кепілдікті бағалау, ERP жүйесі, инвестициялық модуль және т.б. ішкі әзірлеу жүргізілді. 200 000-нан астам клиентке микрокредит берілді. Клиенттердің 70% таныстардың ұсыныстары бойынша біздің қызметтерімізге жолығады.
Осы күш-жігер мен жетістіктердің барлығы бізді еліміздің деңгейінде ғана емес, халықаралық нарықта да қаржылық мәселелерге қатысты сенімді серіктес етеді! Құтты болсын, TAS FINANCE GROUP!