Қоңырау тегін

Сәуір айында сатып алынған ТОП-5 автокөлік маркасы

Биыл наурызда автонарық жанданып, 10 753 көлік (2021 жылмен салыстырғанда 28.3 % жоғары) сатылған еді, сәуірде көрсеткіш қайта төмендеді. ҚАБА мәліметіне сүйенсек, бір айда жеңіл коммерциялық техниканы қоса есептегенде 9212 жаңа машина өткен. Бұл былтыр сәуірдегі көрсеткіштен 8.9 %-ға төмен. Ал төрт айда жалпы 31 582 көлік сатылып, 2021 жылмен салыстырғанда 8 %-ға төмендеді.
 
Сәуірде Chevrolet көліктері ең көп сатылды. Марка дилерлері 3004 машина өткізе алды, бұл наурыздағы көрсеткіштен 1.7 есе көп. Тұтынушылардың көбі Cobalt седанын таңдады. Модельдің 2111 данасы өткен. Одан бөлек 418 Nexia иесін тапты. Үздік маркалар рейтингінде Hyundai екінші (1802), Kia үшінші (968) орын алды.
 
2022 жылғы сәуір қорытындысы бойынша нарықтағы үздік 5 марка
 
орын Марка 2022 жылғы сәуірдегі сатылым (дана)
1  Chevrolet  3004
2  Hyundai  1802
3  Kia  968
4  Toyota  950
5  Lada  798

Бағам

Курс валют в Казахстане

Акциялар